BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» арқылы транзиттік тасымалдан 352 млрд-тан астам қаржы түсті – ИДМ

Фото: Егемен Қазақстан

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Инвестициялар және даму министрлігі бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Назарларыңызға Мемлекеттік бағдарламаның бір саласы – еліміз көлеміндегі түрлі деңгейдегі тасымал мәселесін ұсынып отырмыз. Мәліметтер Baq.kz ақпарат агенттігінің арнайы сұрауымен министрліктің жауапты органдарынан алынды.

Транскаспийлік мультимодальдық тасымалдауды дамыту шеңберінде Құрық порты кешенінің паромдық жобасы аяқталды. 2016 жылы енгізілген теміржол паром терминалы 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті, 2018 жылғы қаңтар-ақпанда осы терминал арқылы шамамен 250 мың тонна жүк ауыстырып тиелді.

Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету үшін 2017 жылғы 6 желтоқсанда тестілеу режимінде автомобильдік паромдық терминал іске қосылды. Объектіні толық пайдалануға беру 2018 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Инфрақұрлымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2017 жылы Қазақстан Республикасы аумағы арқылы тасымалданған транзиттік жүктердің жалпы көлемі 18,1 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Ал осы сала бойынша түскен табыс 352,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24%-ға көп.

2017 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынастағы контейнерлік тасымал 347,5 мың жоғары фразалық бірлікті (ЖФБ) құрады. Бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 30%-ға көп. Осыған орай, Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер санын жыл сайын екі есеге ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Бұған осы соңғы жылдарда осы бағыттағы жүк тасымалының арту көрсеткіші әсер етіп отыр. Мысалы, 2015 жылы – 47,4 мың ЖФБ, 2016 ж. – 104,6 мың ЖФБ болса, 2017 жылғы көрсеткіш екі есеге ұлғайып, 201 мың ЖФБ-ға жеткен.

Жыл қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдың көлемін кемінде 18 млн тоннаға және контейнерлік тасымалды – 536 мың ЖФБ ұлғайту жоспарланып отыр. Қытай-Еуропа бағытында контейнерлік тасымал көлемі 346 мың ЖФБ-ға дейін жетеді деген болжам бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер