«Нұрлы жол» жобаларына Ұлттық қордан 178 млрд. теңге қарастырылған - Нұрлы жол|19 Ақпан 2016, 17:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» жобаларына Ұлттық қордан 178 млрд. теңге қарастырылған

Астана. 19 ақпан. Baq.kz – Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтің мәлімдеуінше, елімізде «Нұрлы жол» жобаларына Ұлттық қордан 178 млрд. теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салып, күрделі жөндеуден өткізуге 302 млрд. теңге бөлінгендігін де айтады. «Оның ішінде «Нұрлы жол» жобаларының іске асуына Ұлттық қордан 178 млрд. теңге қарастырылғандығын атап өткім келеді. Нәтижесінде, жолдардың 1,7 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылады» дейді ол.

Айта кетейік, қалаларды тиімді және сапалы көлік қатынасымен сәулелік қағида бойынша байланыстыру мақсатында «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасымен 11 автожол жобаларының жүзеге асырылуы қарастырылған. Аталған жобаларды жүзеге асыруына Ұлттық қордан және Республикалық бюджеттен қаражат бөлінуде, сонымен бірге қарыз тарту жұмыстары да жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде жолдардың 7 мың шақырымы I және II техникалық категориясына ауыстырылады. 2017-2019 жылдардағы үдемелі кезде қайта жаңарту жұмыстарына барлық жобалар бойынша 200 мыңға жуық жұмыс орындары іске қосылады. Цемент, жол битум, инерциялы материалдар, темір-бетон бұйымдарын шығаратын барлық отандық өндірушілер іске тартылады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер