"Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы 100 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтуда - Б.Сағынтаев - Нұрлы жол|15 Қаңтар 2016, 12:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы 100 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтуда - Б.Сағынтаев

Астана. 15 қаңтар. Baq.kz - "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы 100 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiмдедi, 

"Өткен жылы қабылданып, ел дамуында оң ықпал еткен негiзгi мiндеттерге тоқталып өтсем. Бiрiншiден, Елбасының тапсырмасы бойынша 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясындағы "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында ауқымды жұмыстар жүргiзiлдi. Реформаларды жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған 59 заң күшiне ендi. Елбасы жариялаған дәл осы реформалар елдiң келешектегi дамуының қуатты драйверi болмақ", - деген ол Мемлекет басшысы жақында жарық көрген "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" мақаласында реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар бергенiн атап өттi.
Б.Сағынтаев аталған тапсырмаларды жүзеге асыру бүгiнгi күнi басталып кеткенiн және оларды iске асыру барысы қатаң бақылауда болатынын айтты.
"Екiншiден, "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы өткен жылы экономикалық белсендiлiктi тұрақты ұстап тұруға үлкен ықпал еттi. Оны жүзеге асыру үшiн 2015 жылғы бюджеттен 505 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында автомобиль жолдары, темiржол, су, әуе көлiгi және логистика саласындағы 16 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Бағдарламамен шамамен 100 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылып отыр", - деген Б.Сағынтаев елде жүзеге асырылып жатқан автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарды атап өттi. 

 

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер