«Нұрлы жол» Мәңгілік ел идеясына жетелейді – Георгий Кан - Нұрлы жол|14 Қараша 2014, 16:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Нұрлы жол» Мәңгілік ел идеясына жетелейді – Георгий Кан

Астана. 14 қараша. Baq.kz – Бүгін түс ауа ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысы Алматы қаласында өтті. Дәстүрлі брифингте спикер ретінде сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және осы ұйымға қарасты Ғылыми-сарапшылық Кеңес төрайымының орынбасары және Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті Георгий Кан осындай ой айтты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Жаһандық геосаяси жағдай тұрақсызданып, алпауыт елдер жетекшілері өзара түсініспей отырған шақта біздің Елбасымыздың жолдауы өте сәтті болды деп ойлаймын. Бұл еліміздің әрбір тұрғыны, әр азаматты үшін өте бір жақсы ой саларлық дүние болды. Өйткені, сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысы бұл жолдауда ұлттар арасындағы «бірлік» пен «келісім» және «бейбітшілік» сөздерін 30 рет қайталаған. Сондай-ақ, жолдардың жөнделуі мен инфрақұрылымды дамыту жайына қатысты нақты тапсырмалар жүктеген. Егер теңдік пен тұрақтылық, бейбітшілік орнаған қоғам болмаса, мұндай жобалардың жүзеге асуы екіталай ғой. Сондықтан да, ұлттар татулығы жарасым тапқан қоғамда өмір сүре отырып, әрбір жұтқан ауамыздың қадірін терең түйсіне білуіміз керек, - дейді Георгий Васильевич.

- Міне, теңдіктің туын желбіреткен Елбасы көрегенділігінің арқасында біз келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өткелі жатырмыз. Мұның бәрі де азаматтық қоғам арасында төзімділік пен өзара түсінісе отырып, тең құқылы өмір сүруді қамтамасыз етеді. Ал мұның астарында «Нұрлы жол» Мәңгілік ел идеясына жетелейтіндігін аңғару аса қиындық тудырмайды, - дейді Тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер