«Нұрлы Жол» құрылыс саласының қарқынын арттырды - Нұрлы жол|09 Ақпан 2016, 18:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы Жол» құрылыс саласының қарқынын арттырды

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Ақтөбе облысында жуырда ғана жаңадан ірі 4 кәсіпорын іске қосылды. Оның бірі – газ өңдейтін, екіншісі – Ақтөбеде рельс шығаратын зауыт болса, бұларға Мемлекет басшысы бекітіп берген «Нұрлы Жол» бағдарламасы дем берді деп нық сеніммен айтуға болады.

Әйткенмен, дүниежүзінде болып жатқан экономикалық дағдарыс өңірдегі кәсіпорындарға да өзінің әсерін тигізіп жатыр. Қазір тиісті іс-шаралар қолға алынуда. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жылдың аяғына дейін жаңадан тағы 5 кәсіпорын іске қосылуы керек. Сонымен қатар, 139 млрд. теңге инвестиция жаңадан қосылған кәсіпорындармен толықтырылады деп жоспарланған. Жаһандық дағдарыстың салдарынан өңірдегі құрылыс саласы да былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеген. Себебі, ол инвестицияға байланысты. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, бірқатар құрылыс нысандары соңғы бір-екі ай төңірегінде іске қосылды.
Аймақтағы құрылыс мәселесіне қатысты айтар болсақ, бүгінде 343,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 476 мың шаршы метрден кем болмайды. Нәтижесінде 4 700 отбасын пәтермен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Жалпы, Ақтөбе облысында 2015 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының орындалған көлемі 101,1 млрд. теңгені құраған. Сөйтіп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы өңірлер арасында Ақтөбе облысы 145 мың шаршы метр көлемімен екінші орынға тұрақтаған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, облыста индустрияландыру бағдарламасы қалыпты жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған дейін 8000 бірлік шағын және орта бизнес субъектілері ашылып, соның арқасында 12 мың жұмыс орны сақталып, тағы 4,6 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдау орталығының 15 бөлімшесі мен 12 бизнес-мектеп және 1 инвесторларға қызмет көрсету орталығы аймақта жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 52 мыңнан асып, оларда қызмет ететін адамдардың саны 130 мыңға жуықтаған. Ал олардың өндірген өнімдері 192 млрд. теңгеден асып жығылды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер