«Нұрлы жол»: көлік инфрақұрылымының басым бағыттары - Нұрлы жол|09 Ақпан 2016, 17:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол»: көлік инфрақұрылымының басым бағыттары

Астана. 9 ақпан. Baq.kz - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елімізді транзиттік-көліктік, сауда, халықаралық деңгейдегі іскерлік хабына айналдырудағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға арналған көліктік инфрақұрылымдық саласын одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Бұл жобалардың ішінде Алматы-1-Шу теліміндегі екінші темір жол желісі құрылысы; Боржақты-Ерсай темір жол телімі; Құрық селосындағы паром кешені; Астана қаласындағы әуежайдың ұшу-қону алаңын қайта жаңғырту; «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА кешенді дамыту жобалары бар.

Алматы-1- Шу теліміндегі екінші темір жолы желісі құрылысы оның өткізу әлеуетін еселелеп арттырады.

Кешенді құрылыстарды атқару келісімі «Жол жөндеуші компаниясы» ЖШС концорциумы және «Жол жөндеу» ЖШС –мен жасалды.

Қазіргі таңда 30 мың текше метр топырақ қабаты сыдырылып, 73 мың текше метр топырақ қабаты төселді. Жолды айналып өтуге арналған электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс құрылғылары қайта құрастырылып, жабдықталуда. Төрт көпір мен шағын жасанды имараттар құрылысы жалғасып, жолдың жоғарғы қабатына төселетін материалдар мен электр жабдықтары жеткізілуде.

Батыс бағдардағы Каспий портының әлеуетін дамыту мақсатында Құрық портының өткізу қабілетін арттыру мен Боржақты-Ерсай темір жол желісінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Құрық портындағы паром кешені құрылысы барысында темір жолдың үстіңгі қабатына қажетті төсем материалдары дайындалуда. Толқындарды тоқтатуға арналған тастарды жеткізіле бастады.

Темір жолдың көрмелі паркі аумағынан үш миллион текше метр топырақ сыртқа шығарылды. Ерсай станциясындағы темір жолдың порт аумағына кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді.

Бүгінгі таңда Боржақты-Ерсай темір жол желісінің құрылысы жобасын жүзеге асыру барысында Құрық порты теңізі жағалауы нысандарына қажетті топырақ төсемдері жұмысы аяқталды. Қазірдің өзінде екі су өткізу құбырлары мен авто өткізу жолдары құрылысы салынды. Жолдың үстіңгі қабатына 22 шақырымға қажетті рельс торкөздері жинақталды. Оның 16,6 шақырымы басты жол болып саналады. Онда 19 бағыттауыш бұрма төселді. Жол жиегіндегі ВЛ-10 кВ электрмен қамту желісі салынды. 29 шақырымға электр сымдары тартылды. Желідегі ВЛ-110кв элетр желісі қайта жабдықталды. Электрлендірілген орталық жабдықтау модульдық, белгі беру және байланыс бекеттері тұрғызылып, байланыс кабельдері төселді. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын еңбеккерлерге арналған өндірістік ғимараттар мен үйлер тұрғызылды.

2015 жылғы маусымда Боржақты-Ерсай темір жол желісінде құрылысқа қажетті жүктерді жеткізу үшін қозғалыс басталды.

Паром кешені құрылысы мен оны Боржақты-Ерсай темір жол желісімен қосу - транзиттік жүк ағынын дамытудағы басты және сусымалы жүктерді мультимодальдық тасымалдау қарқынын арттырады.

Елордасындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында инфрақұрылымдық жоба ретіндегі Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңы мен жолаушылар терминалын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.

2017 жылы аяқталатын жоба терминалдың өткізу әлеуетін жылына 3 миллион жолаушыдан 7 миллион адамға жеткізеді.

Қазіргі кезде жолаушылар терминалы ғимаратының іргетасы қаланды. Сыртқы инженерлік желісі жасалды. Жарық және белгі беру құрылғылары орнатылды. Аялдамалардың асфальт және бетон қатпарлары төселді.

Әуе кемелерінің тұрақтары құрылысы аяқталды. Терминалдың темір бетон және металл қаусырмалары құрастырылуда.

Еліміздің шығысында «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА аумағында құрғақ порт құрылысы жұмыстары аяқталды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА кешенін дамыту өңірлік көліктік-логистикалық хабты жасақтау ісі Қытаймен Еуропа елдері, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказға және кері қарай тасымалдың тасқындай түсуіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда 10.683 миллион текше метр топырақ қабаты төселді. Екі жұптық өткізу жол өтпесі салынды. 23,7 шақырымға үстіңгі жол қабатының төсемі жасалды. «Қорғас- Алматы» тоннелі түрінің көліктік ажырату желісі салынды. Контейнерлік терминалдың контейнер қою алаңына бетондау жұмыстары жүргізілді. Тексеру бақылауға арналған КПП-1 бекеті ғимараты, станциядағы ғимараттар, крандарды жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай станциясы, контейнерлік терминал еңбеккерлеріне арналған ғимараттар тұрғызылды.

Құрғақ порттың операторлық ғимараты, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА басқару компаниясы, Кедендік ресімдеу орталығы, өрт сөндіру депосы,автоматтандырылған телефон станциясы, екі уақытша сақтау қоймалары салынды.

Осы «Нұрлы жол» аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысында компания 16 мыңнан астам жұмыс орындарын қамтып отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер