Астана. 24 қараша. Baq.kz – Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген Жолдауы елімізді болашақта орын алуы мүмкін экономикалық-әлеуметтік қауіп-қатерден сақтап қалатыны сөзсіз. Бұл – болашаққа салынған инвестиция.
Астана. 24 қараша. Baq.kz – Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген Жолдауы елімізді болашақта орын алуы мүмкін экономикалық-әлеуметтік қауіп-қатерден сақтап қалатыны сөзсіз. Бұл – болашаққа салынған инвестиция.
Бала тәрбиесімен айналысып жүргендіктен Жолдаудың осы салаға қатысты айтылған тұсы көңілімнен шығып отыр. Яғни, еліміздегі апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы мен балабақша мәселесі. Егер Жолдауда айтылған тапсырмаларды Үкімет дер кезінде орындайтын болса алдағы 3-4 жылдың көлемінде Қазақстандағы барлық сәби мектепке дейінгі мекемемен қамтылуы тиіс. Қазіргідей баласын апарарға жер таппай жүрген ата-ананы көрмейтін боламыз. Бұл проблема әрбір екінші қазақтың үйінде бар десеме қателесе қоймаспын. Аталған бағытқа ұлттық қордан 20 млрд теңге бөлінеді. Бұл сома тиісті бағытта жұмсалса, елдегі балабақша кезегіндегілердің армандары орындалады.
Сонымен қатар, үш ауысымды мектептер мен апатты жағдайда тұрған мектептердің де түйіні тарқатылады. Елбасы осынау проблеманы шешу үшін ұлттық қордан 70 млрд теңге бөлуді тапсырды. Яғни, өскелең ұрпақ ұлтты өрге сүйресін десек, әрекетті қазірден бастағанымыз жөн. Балалардың сапалы білім алуын қазірден қалыптастырмасақ болашағымыздың жарқын боларына күмән көп. Сондықтан, бұл Жолдауды болашаққа салынған инвестиция деп түсінген жөн.
Айта кететін тағы бір жайт, кезінде Елбасы ұлттық қорды құратын кезде саясаткерлер мен сарапшылар «қажеті қанша?» деп біраз шамданған болатын. Демек, сол сұрақтың жауаптың Президент бүгін беріп отыр. Егер сол кезде Ұлттық қор құрылмай, оның ақшасын халыққа үлестіріп бергенде қазіргі Қазақстанның жағдайы не боларын елестету қорқынышты. Бұл да бір Елбасының көреген саясаты.
Е.И.Байдыбекова, п.ғ.к. доцент,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!