«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 275 отбасы баспаналы болды - Нұрлы жол|18 Қыркүйек 2015, 15:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 275 отбасы баспаналы болды

Астана. 18 қыркүйек. Baq.kz - «Бәйтерек» холдингі қазақстандықтарды әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласы «Ақкент» шағын ауданында жалпы ауданы 19 195 шаршы метр 275 пәтерлік тұрғын үй кешенін пайдалануға тапсыруды қамтамасыз етті 

Пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев қатысты.

Тұрғын үй кешеніндегі барлық пәтерлер таза әрленген күйінде тапсырылды және қоныс аударуға толықтай дайын.Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің жалдық құны 1 120 теңгені құрайды.
«Бүгінгі күні ел Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде қазақстандықтардың ең маңызды проблемасы – баспана тапшылығы біртіңдеп шешімін табуда. «Бәйтерек» холдингі бүгінде ауқымды жұмыс атқарды – әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында жыл басынан бері Қазақстан бойынша шамамен 4 мың пәтер тапсырылып қойды, жыл соңына дейін тағы да 3 мыңға жуық баспана берілетін болады», - деді жұма күні Алматыда кілттерді табыстау салтанатында сөз сөйлеген Қ. Бишімбаев.


Әлеуметтік жалдамалы тұрғын үйді салу мен сатып алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2015 жылға 92,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда «Бәйтерек» холдингі құрылыс салушыларымен 86,4 млрд. теңге сомасына шарттар жасасты.
Жалпы, «Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын» іске асыру шеңберінде Холдинг 2015 жылы кемінде 400 мың шаршы метрді салу мен сатып алуды жоспарлап отыр, бұл әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен Қазақстан бойынша 7 000 отбасыны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Қызылорда қалаларында ауданы 226,4 шаршы метр 3 983 пәтерді пайдалануға беру қамтамасыз етілді.
Бағдарламаны іске асырудың 5 жылы ішінде жалдамалы тұрғын үйдің шамамен 1 483 шаршы метрін беру жоспарланады. Бұл 29 мыңға жуық пәтер.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер