"Нұрлы жол" аясында салынған жолдар 25 жылға дейін тозбайды - Нұрлы жол|20 Қараша 2014, 16:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Нұрлы жол" аясында салынған жолдар 25 жылға дейін тозбайды

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Мемлекет басшысының "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауының аясында салынған жолдар 18-25 жылға дейін тозбайды. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Бағдат Телтаев мәлімдеді. 

"Біздің елде салынып жатқан жолдардың сапасы өте жоғары халықаралық талаптарға сай. Мұны тек біздің зерттеулер ғана көрсетіп отырған жоқ. Шетелден келіп жатқан мамандар да осындай пікірде. Біз технологияларды көшіріп алып жатқан жоқпыз, өзіміздің де ойлап тапқандарымыз бар. Өйткені, Еуропада мәселен, қыс біздегідей емес, әлсіз. Олардың технологияларын бізде пайдалансақ жолдарымыз қысқа жарамай қалады. Сондықтан біз түрлі технологияларды зерттеп, өзімізге лайықты жол салу үшін жұмыстар жүргізудеміз" дейді Телтаев.


Оның айтуынша, салынып жатқан жолдардың асфальт-бетонды бөлігі шамамен 18-20 жылға дейін тозбайды екен. Ал, цемент-бетонды жолдардың жарамдылығы 20-25 жылдық мерзімді құрайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер