«Нұрлы жол» аясында автокөлік жолдары жобаларын іске асыруға 100 мыңнан аса адам тартылады - Нұрлы жол|13 Ақпан 2016, 15:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» аясында автокөлік жолдары жобаларын іске асыруға 100 мыңнан аса адам тартылады

Астана. 13 ақпан. Baq.kz - 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автокөлік жолдары жобаларын іске асыруға 100 мыңнан аса адам тартылады. Ал 2017-2019 жылдары барлық жобаларды қосқанда шамамен 200 мың жұмыс орны құрылады. Сонымен бірге жобаларды жүзеге асыруға цемент, битум, инертті материалдар және темірбетон өнімдерін шығаратын барлық отандық өндіріс орындары тартылады. 

2016 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінде, Бейнеу – Шетпе, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Талдықорған учаскелерінде қозғалыс толық ашылып, Ертіс өзенінің үстінен салынатын көпірдің құрылысы толық аяқталады. Барлық жобалардың ұзындығы 1 мың шақырым.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында хаб-қалаларды сәуле сияқты тарайтын сапалы және тиімді көліктік жолдармен байланыстыру үшін 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген. 7 мың км. автокөлік жолы І және ІІ техникалық санатқа көшеді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер