«Нұрлы жол» аясында 11 автожолды жүзеге асыру қарастырылған - Нұрлы жол|18 Наурыз 2016, 10:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» аясында 11 автожолды жүзеге асыру қарастырылған

Астана. 18 наурыз. Baq.kz - Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылға дейін 2,4 трлн теңгенің 11 автожол жобасын іске асыру қарастырылған, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов ОКҚ брифингінде. 

«Нұрлы жол» бағдарламасымен 2,4 трлн теңгенің 11 автожол жобасын іске асыру қарастырылған. 7 мың шақырым автокөлік жолдарын қайта жөндеуге алу жоспарланған», - деді Д.Потлов.

Автожол жобалары Астанадан «сәулелік» бағыт бойынша орналасқан және барлық бағыттар бойынша – Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс жолдарын қайта жөндеу мен жаңа жолдарды салуға бағытталған. Жұмыс толығымен 2020 жылға дейін аяқталады.

«Транзиттік жүктерді тарту үшін әзірленген маңызды жоба «Батыс Қазақстан – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәліз болып табылады және оны 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі күні жоба бойынша Ресей шекарасынан Оңтүстік Қазақстан шекарасына дейін ашық, осымен қатар Ресей мен Орталық Азияға жүктерді заманауи жолдармен тасымалдау мүмкіндігі бар», - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, «Батыс Қазақстан – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі Қытайдан Еуропаға дейінгі ең ірі автожолдың бірі болады. Ол жол арқылы жүктерді 10-12 күн ішінде тасымалдауға болады. Бұл бағыт Суэц каналы арқылы дәстүрлі теңіз бағытына қарағанда 3,5 есе қысқа. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер