«Нұрлы жол» 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген - Нұрлы жол|11 Ақпан 2016, 17:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген

Астана. 11 ақпан. Baq.kz – Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сатжан Аблалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында хаб-қалаларды сәуле сияқты тарайтын сапалы және тиімді көліктік жолдармен байланыстыру үшін 11 автокөлік жолдары жобаларын жүзеге асыру көзделген. 7 мың км. автокөлік жолы І және ІІ техникалық санатқа көшеді» дейді ол.

Айта кетейік, 2015 жылы жұмыстар 8 жоба бойынша жүргізілді: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы-Өскемен, Астана-Петропавл, Ақтөбе-Атырау, Орал-Каменка. Жол-құрылыс жұмыстары 2 мың км. қамтыды. Жобаларды жүзеге асыруға 72 мың адам тартылды. Жалпы 2015 жылы І және ІІ техникалық санаттағы 456 км. жол салынып, қайта жөнделді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасының 144 шақырымында, Орталық-Оңтүстіктің – 62 км, Орталық-Шығыстың -100 км және Орталық-Батыстың – 52 шақырымында жұмыстар аяқталды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер