Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы нысанына алғашқы отандық рельс төселді (ФОТО) - Нұрлы жол|07 Сәуір 2016, 19:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы нысанына алғашқы отандық рельс төселді (ФОТО)

Астана. 07 сәуір. Baq.kz – Бүгін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Алматы-1 –Шу учаскесінің екінші темір жолы құрылысы» нысанында Ақтөбе рельс арқауы зауытының» алғашқы рельсі төселді.
 

Салтанатты рәсімге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Біз бүгін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының табысты нәтижесін көріп отырмыз. Зауыт өнімі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды рол атқарады. Және экспорттық әлеуеті зор. Ендігі жерде рельстер отандық өнім өндірушілерден алынатын болады»,- деп атап өтті А. Мамин.

Алматы1- Шу темір жол телімінде 110 шақырымдық магистральдық желі салынады. Қазірдің өзінде белгі беру және байланыс, электрлендіру желілері жасалуда. Жобаның бірінші кезегін, биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Жобаны жүзеге асыру кезінде 1500 жұмыс орны ашылады. Аталмыш жобаның біздің аймақ үшін стратегиялық маңызы зор»,-деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Алматы1-Шу темір жолының екінші желісі іске қосылған кезде телімнің өткізу қабілеті 2 есеге артады. Жүк пойыздарының жылдамдығы артып, бағдардағы жүру мерзімі қысқарады. Бұл арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне ықпал етеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер