Мәжілісте «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды - Нұрлы жол|27 Сәуір 2017, 16:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжілісте «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігінде «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Елбасының 2015 жылғы 6 сәуірде бекіткен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаңғыртуға айтарлықтай қаржы бөлу қарастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тарифтерді белгілеу туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Н. Жұмағұлов және тұрғын үй шаруашылығының жағдайын жақсарту шаралары мен оны жаңғырту жөніндегі ұсыныстары жайында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы М.Т. Садуов баяндама жасады.

Сондай-ақ дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы – Ә. Қуатбеков пен Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев қатысып сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің отырысына ҚР Инвестициялар мен даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, Астана мен Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Бірлік» Саяси Партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» өкілдері қатысты. Отырысты қорытқан Нұртай Сабильянов бүгінгі талқылаудан алынған ақпараттар комитетттің заң шығару жұмысында назарға алынатынын мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер