Мәжіліс депутаттары «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан мектепті аралады - Нұрлы жол|11 Шілде 2017, 20:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мәжіліс депутаттары «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан мектепті аралады

Парламент Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Павел Казанцев және Қанат Мусин Батыс Қазақстанға сапары кезінде Орал қаласындағы «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан мектепті аралады, деп хабарлайды Baq.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Орал қаласындағы №4 мектептің құрылысымен танысты.

Айта кетейік, БҚО-да «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы құрылыс нысандарына барлығы 20 млрд.теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам адамға арналған 15 көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар 3 мың оқушыға арналған 8 мектеп салынуда, олардың төртеуі ұлттық қордан бөлінген «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызылуда.

Бүгін осы мектептердің бірін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аралады. Бұл барлық заманауи талаптарға сай 300 оқушыға арналған Орал қаласындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп. Құрылыс нысанын аралаған халық қалаулылары «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қадағалады.

– Бұл жердегі апатты жағдайдағы мектепті сәуір айында бұзып, бүгін міне, дәл осы жерге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңадан мектеп салынып жатқанын көріп отырмыз. Бұдан былай балалар мына мектептің және бұдан басқа 7 мектептің су жаңа кластарында білім алуға мүмкіндік алады. Орал қаласында біз бизнес-құрылымдарының, үкімет пен партиялық бақылау комиссияларының өзара тығыз қарым-қатынасы құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруіне оң әсерін тигізіп отырғанына куә болдық. Бір қуантарлық жәйт, аталмыш нысанды мердігер компания уақытынан бұрын тапсырғалы отыр. Нысандарды қаржыландыруға Ұлттық қордан бөлінген қаражат жұмсалып, президенттің жеке бақылауында болады, сондықтан біз қандай да бір проблемаларды анықтау мақсатында өңірлерге арнайы келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын тексереміз, - деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер