Астана. 18 қараша. Baq.kz – Маман даярлау ісінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үздік ондыққа енуі тиіс. Бұл жайында бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған университеттің профессоры Асхат Тілеуов мәлімдеді.
- Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауында елдің инфрақұрылымын жетілдіріп, дамыту керектігін нақты атап көрсетті. Ал осы міндеттемені мінсіз орындалуына біздердің қосатын үлесіміз - маман даярлау ісі болып табылады. Сондықтан да біз алдымызға өз университетіміздің техника саласының мамандарын даярлайтын ЖОО-лардың үздік «ондығына» ену мәселесін қарастырып отырмыз. Ол үшін ең алдымен оқу орнының білім беру әдіс-тәсілін әлемдегі озық оқу орындарымен теңестіре отырып, жастарымызды заманауи ағымға сай оқытуымыз керек. Әсіресе, Жолдауда айтылған инфрақұрылымды дамытусыз, аграрлы саланың ілгерілеуі екіталай екені белгілі десек, біздің жауапкершілігіміз одан сайын арта түсетіні сөзсіз. Сондықтан да, біз осы екі саланың тізгінін тең ұстап, қатар жетілдіруіміз керек, - деді Асхат Халелұлы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!