«Құрты–Бұрылбайтал» учаскесін қайта жаңартуды ҚДЕБ қаржыландырады - Нұрлы жол|23 Ақпан 2016, 17:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Құрты–Бұрылбайтал» учаскесін қайта жаңартуды ҚДЕБ қаржыландырады

Астана. 23 ақпан. Baq.kz – «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Орталық-Оңтүстік» дәлізіндегі «Құрты-Бұрылбайтал» учаскесін қайта жаңартуды Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады.

«Financial Times» және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен Стамбұл қаласында ұйымдастырылған Орталық-Азиялық инвестициялық форум барысында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы арасында «Орталық-Оңтүстік» транзиттік дәліздің қайта-жаңартуын қаржыландыру бойынша несиелік келісімге қол қойылды.
103 млн.$ мөлшердегі қаражат «Құрты - Бұрылбайтал» автожолының бір учаскесіндегі жалпы ұзындығы 81 шақырым жолды қайта жаңартуға бағытталады. Құрты және Бұрылбайтал елді мекендері арасындағы автомобиль жолының жалпы ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Аталған автомобиль жолы «Орталық-Оңтүстік» дәлізіне кіреді.
Несиелік келісімге қол қою Қаржы министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» компаниясы және ЕҚДБ арасындағы өткен жылы қараша айында Мемлекет басшының Ұлыбританияға сапары аясында алдын ала қол қойылған келісімін жүзеге асырудың бірінші кезеңі болып табылады.
«ҚазАвтоЖол» компаниясымен алдын ала келісімге қол қойылғаннан кейін қарыз алу мақсатында мемлекеттік органдардың қолдауымен барлық қажетті құжаттамаларды дайындау жұмыстары жасалды. Нәтижесінде қарыз көлемі 140 млн.$-дан 103 млн.$-ға дейін түзетілген.
Астана және Алматыны («Орталық-Оңтүстік дәліз) жалғастыратын көлік дәлізін толық қайта жаңарту «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Қазіргі таңда Алматы - Қапшағай және Астана-Теміртау түйінді учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда.
«Құрты - Бұрылбайтал» учаскесіндегі қолайсыз жағдай ұзақ уақыт бойы жүк және жолаушылар тасымалы транзитін тоқтатып тұрды. Бұл жобаның жүзеге асуы жол жүрісінің қауіпсіздік деңгейін анағұрылым көтеріп, дәліздің транзиттік потенциалын арттырып, аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер