BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Құрық порты арқылы жүк тасымалдау 856 мың тоннаны құрады 

Құрық порты арқылы жүк тасымалдау көлемі алты айдың ішінде 856 мың тонна жүкті құрады. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 829,5 млрд теңге көзделген, оның ішінде 2018 жылғы 1 шілдедегі жедел деректер бойынша 167,1 млрд теңге, яғни шамамен 21% игерілді. Бірінші бағыт – Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша, барлық қаражат көздерінен 745,5 млрд теңге көзделген, оның ішінде ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 129,9 млрд теңге игерілді. Автожол жобаларын салуға және реконструкциялауға, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 367,9 млрд теңге көзделген, оның ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес шамамен 90% игерілді», - деді министр.

Сүлейменовтың айтуынша, жалпы, 2018 жылы бөлінген қаражат есебінен 4,2 мың км автомобиль жолын құрылыспен және реконструкциялаумен қамту және 528 км жол қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

«Теміржол көлігін дамыту және жаңғыртуға ағымдағы жылы 90,8 млрд теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен 39,1 млрд теңге және 51 млрд теңгеден астам «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты қарастырылған. Осылайша, 6 айдың қорытындысы бойынша көзделген қаражатты игеру 33,1 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін Құрық портының паром кешенінің автомобиль терминалын салуды толықтай аяқтау жоспарланып отыр. Құрық порты арқылы жүк тасымалдау көлемі алты айдың ішінде 856 мың тонна жүкті құрады. Жалпы, Құрық портының жобалық қуаты жылына 6 млн. тонна жүкті құрайтын болады», - деген Сүлейменов 2018 жылы су көлігін дамыту блігінде техникалық флоттың 23 кемесін жаңартуға және жаңғыртуға республикалық бюджеттен 0,4 млрд. теңге қарастырылғанын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер