Астана. 20 қараша. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің көліктік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев Ұлттық компанияның Жолдау жүктеген міндеттер аясында атқаратын шаруалары турасында баяндады.
- Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ базасы аясында мультимодалдық «KTZ Express» компаниясы құрылды. Бұл компания теңіз, әуе, автотасымалдау, порттық және әуепорты инфрақұрылымы, көліктік-логитсикалық орталықтар жұмысын үйлестіреді. «Есіктен есікке дейін» жүктерді жеткізу тізбегін ұйымдастырады. Сонымен қатар, бұл компания транзиттік жүктердің өтпелі тарифтік ставкасын белгілейді, - деді Қанат Қалиұлы.
Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде «ҚТЖ» шақырымдық төрт жаңа темір жолын пайдалануға берді. Оның ішінде «Жетіген Алтынкөл» құрылысын жүргізу нәтижесінде Қытаймен екі арада екінші темір жол өткелі «Алтынкөл - Қорғас» желісі ашылды. Биылғы желтоқанда «Өзен Болашақ Серхетяка Горган» халықаралық темір жол желісінің ирандық тарабы іке қосылып, «Солтүстік - Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы нарығына жол ашылады деп күтілуде. Бұл жоба осы кезге дейін іске қосылған «Жезқазған - Бейнеу» және «Арқалық Шұбаркөл» жолдары «Солтүтік Оңтүстік», «Шығыс Батыс» жүк ағындары бағдарын мың шақырымға қысқартады деп жоспарланған.
Нұрлыбек Досыбай
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!