Қостанайда «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында шоқалақ жолдар азаймақ - Нұрлы жол|13 Шілде 2017, 21:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қостанайда «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында шоқалақ жолдар азаймақ

Фото: автордікі

Қостанай облысында осы жылдың 6 айының ішінде республикалық және облыстық маңыздағы жолдарды жөндеуге 511 млн теңге жұмсалған. Ал, жалпы шоқалақ жолдардан мезі болған тұрғындар үшін биылғы жыл жақсы жаңалықпен басталған еді. Себебі өңірде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол жөндеуге 133,5 млн теңге қарастырылған болатын. Қазіргі таңда белгіленген жұмыстың 38 пайызы ғана орындалып тұр. Осыған орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жол жөндеу жауапкершілігін мойнына алған мекемелерге жұмысты жандандыра түсуді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл өңірде болған су тасқыны жөндеу жұмыстарына кедергі келтірді. Мәселен, бұлардың барлығы наурыз, сәуір айларында басталу керек еді. Бірақ, біз өзімізге жүктелген міндетті толығымен уақытында орындауға бар күшімізді саламыз», – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ Қостанай облысы филиалының директоры Андрей Горват.

Бұл орайда облыс әкімінің өзіндік уәжі бар. Ол тендрді жеңіп алып, іске келгенде әлсіздік танытып, соңында аяқсыз қалдыратын кәсіпорындармен қазірден бастап келісімшартты үзу керектігін алға тартады. Өйткені бұл мемлекеттік бағдарлама. Жауапкершілік жүгі салмақты.

«Біздің алдымызда Екатеринбург-Алматы бағытындағы күре жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау мәселесі тұр. Севастополь ауылының жанындағы жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Денисов ауданынан бастап Рудный қаласына дейінгі жолды да жөндеп бітіру керек. Сонда Қостанайда «Нұрлы жол» бағарлмасының арқасында шоқалақ жолдар азаятын болады. Сондай-ақ, қазірден бастап 2018 жылдың тендр өткізу жұмыстарын қолға алу керек. Бұл дегеніңіз мердігердің келесі жылы сәуір айында жөндеу жұмыстарына кірісуіне жол ашатын болады», – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

суреттер автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер