Астана. 20 қараша. Baq.kz – Қостанай мен Ақтөбе арасындағы автокөлік қатынасы Тобыл өңірі үшін үлкен маңызға ие.
Астана. 20 қараша. Baq.kz – Қостанай мен Ақтөбе арасындағы автокөлік қатынасы Тобыл өңірі үшін үлкен маңызға ие.
Себебі Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық дәлізіне осы жолмен шығуға болады. Алайда Ақтөбеге барар күре жолдың жағдайы сын көтермейді. Әсіресе Қостанай облысы аумағындағы бөлігі 4-5 жылдан бері жөнделіп бітер емес. Сондықтан сапарға шыққандар әлі күнге жол азабын тартып жүр. Қостанай-Ақтөбе арасы 800 шақырымға жуық. Екі облыстың орталығын байланыстыратын тасжолдың әбден тозығы жеткен тұстары көп. Сондықтан жолаушылар автобусы осы аралықты 14 сағатта әупіремдеп әрең жүріп өтеді. «Жол азабынан діттеген жеріңе жеткенше діңкең құриды», -дейді сапар шегушілер.
Вячеслов Гузнаев, автобус жүргізушісі
- Қамыстыдан Денисовке дейін тіптен жол жоқ десе де болғандай. Ой-шұңқыры көп. Жаңбыр жауса, батып қаласың. Қазір жөндеп жатыр, бірақ баяу. Жылына 4 шақырым ғана.
Қазір жолдың нашарлығынан Қамысты ауданына автобус қатынасы тіптен тоқтаған. Ал, Ақтөбеге баратын көліктер айналма жолмен жүруге мәжбүр. Сол себепті жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер зиян шегіп отырмыз дейді.
Құмар Бопатаев, автокөлік кәсіпорынының басшысы:
- Айналма жолмен 50 шақырым артық жүреміз. Жанар-жағармай бағасының өскендігін ескерсек, бұл – қосымша шығын. Кедір-бұдыр жол жолаушыларды да шаршатады. Техинкада жиі істен шығады.
Қостанай облысында республикалық маңызға ие автокөлік жолының ұзындығы –1409 шақырым. Соның бүгінде 30%-ы толық қайта жаңартуды қажат етеді. Биыл бұл мақсатқа 6 миллиард теңге қаржы бөлініп, 11 шақырым жолға күрделі, 101 шақырым көлемге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!