BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қосшы жолы 1 қарашада іске қосылады

Қосшыға қарай баратын негізгі жол қозғалысы қараша айында жаңартылады. Онда транспорт айналма жолының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасының аясында «Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолының» құрылысы жүргізіліп жатыр. 2018 жылдың 1 тамызынан бастап Р-3 «Астана-Рождественка-Энтузиаст-Киевка-Темиртау» тас жолының қиылысында екі деңгейлі көліктік жол торабының құрылысы басталды.

Осыған байланысты, Қосшы елді мекені бағытындағы негізгі тас жолында жол қозғалысы уақытша жабылып, қозғалыс уақытша айналма жолмен жүзеге асырылады. Негізгі жолмен көлік қозғалысы 2018 жылдың 1 қарашасында қайта іске қосылады деп жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер