BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда облысының мемлекеттік энергетикалық реестрінің 70-тен астамына аудит жүргізіледі

Фото: ҚР ИДМ баспасөз қызметі

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қабылбек Қыстаубаевтың төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Оған мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Семинар «ҚР «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қазақстан Республикасының бырыңғай энергетикалық жүйесін дамыту шаясында энергетикалық инфрақұрылымды нығайту бөлігінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысының тиімділігіне жүргізілетін мемлекеттік аудиттің қортындылары туралы» 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 5-1-Н нұсқамасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Қ.Қыстаубаев өз сөзінде Қызылорда облсында орналасқан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергоаудиттен өтпегендердің саны 73 екенін атап өтті. Оның ішінде квазимемлекеттік субъектілер 46, заңды тұлғалар 27.

Семинардың қорытындысы бойынша талаптардың орындалуы үшін тиісті ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, 1 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабының 4-тармағына сәйкес, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасына, білім басқармасына, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Қызылорда қалалық білім бөлімі және жергілікті атқарушы органдар, өздеріне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне энергоаудит жүргізу мақсатында қаржыландыру жолдарын қарастыру ұсынылды.

Бұдан бөлек, МЭТ мемлекеттік энергетикалық реестрінің субъектілері Энергия үнемдеу туралы Заңның талаптарына сәйкес энергетикалық аудиттен өтулері тиіс


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер