Қытайдың «Жібек жолы» енді «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асады - Нұрлы жол|16 Қыркүйек 2015, 16:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдың «Жібек жолы» енді «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асады

Астана. 16 қыркүйек. Baq.kz – ҚХР төрағасы Си Цзипиньнің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жібек жолы» бағдарламасы Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен үндестік тауып, нәтижесінде ҚХР Қазақстанға ірі инвестициялар құятын болады. Атап айтқанда, бұған дейін Қытай мен Еуропа арасындағы байланыс Ресей арқылы өтіп келген болса, бұл жол ендігі кезекте Қазақстанның үстін кесіп өтпек. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан-Қытай сараптамалық форумында» Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлімдеді.  

Оның айтуынша, Ресей Федерациясына Батыс елдерінің салған санкциялары әсерінен көрші мемлекет «Жібек жолы» сынды ірі жобаларды жүзеге асыра алмайды. Ал, Қазақстандағы инвестициялық климат Қытай үшін тиімді.

««Жібек жолы» жобасы тек «Нұрлы жол» бағдарламасының негізінде жүзеге асады. Себебі, қазіргі уақытта Ресейдің ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Экономикалық дағдарыс пен Батыс елдерінің санкциялары Ресейді тығырыққа тіреп отыр. Сондықтан ҚХР-дің таңдауы Қазақстанда» дейді сарапшы.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылға қарай Қытай мен Еуропа арасындағы сауда айналымы 1 трлн долларға жетуі мүмкін. Ал, «Жібек жолы» бойындағы елдер бұл қаражаттан міндетті түрде үлес алатын болады. Сауда жолының бойындағы ең ірі мемлекеттің бірі Қазақстан екенін ескерсек, үлестің де ең көлемді бөлігі біздің елге тиесілі.

Назерке Сүйіндікова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер