ҚИК желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй салығы төмендеді - Нұрлы жол|10 Ақпан 2016, 14:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚИК желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй салығы төмендеді

Астана. 10 ақпан. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауына сәйкес ҚР Үкіметімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды, оның аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бағытының операторы болып анықталды, деп хабарлайды Baq.kz. 

Осы бағыттың ерекшелігі жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар ғана Компанияның әлеуетті жалға алушылары бола алады.

Жергілікті атқарушы органда негізінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары кезекте тұрғанын есепке ала отырып, Компания салық мөлшерлемесін төмендету бойынша жұмыстар жүргізді, өйткені олар бойынша төлем тұрғын үйді жалға алушыларға тіркелген.

Компания Мемлекеттік органдармен, Министрліктермен және депутаттық корпуспен өзара әрекеттесе отырып ҚР Салық кодексіне тиісті түзетулерді дайындады. Ендірілген түзетулерді ҚР Президенті қолдады, соның нәтижесінде, 2015 жылғы 27 сәуірде тиісті Заң қабылданды. Осы Заң негізінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Компанияның тұрғын үйлерін жалға алушылар үшін мүлік салығы жеке тұлғаларға осы мөлшерлеме бойынша есепке алынды, ол салық жүктемесін едәуір төмендетті.

Компания жалға берілетін тұрғын үй рыногына барлық қатысушылар үшін мүлік салығын төмендету туралы Салық заңнамасына өзгертулер ендіру жөнінде бастамашылық жасағанын айта кеткен жөн, бірақ келісу барысында «ҚИК» ИҰ» АҚ-ының тұрғын үйлерін жалға алушыларға қатысты түзетулер ғана қолдау тапты.

Бұл ретте осы шешімді қабылдауда жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандардың басым бөлігі өздерінің меншікті баспасы мен тиісті жинақтары жоқ, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтары болып табылатындығы негіздеме болды.

 

Анықтама үшін: 2015 жылы Компания 427 470 шаршы м. тұрғын үйді пайдалануға берді, ал 2016 жылы 326 000 шаршы м. тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер