ҚХР «ЭксИмБанкі» «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландырады - Нұрлы жол|01 Қыркүйек 2015, 18:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚХР «ЭксИмБанкі» «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландырады

Астана. 1 қыркүйек. Baq.kz - Ағымдағы жылдың 31 тамызынан 3 қыркүйегі аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасында мемлекеттік іс-сапарда деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 

Іс-сапар барысында, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь кездесу өткізді. Оның негізінде, серіктестіктің жаңа кезеңі туралы бірлескен декларациясына және басқа да инфрақұрылым және индустриялық-инновациялық ынтымақтастықты дамыту саласына қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды.
«Бұл іс-сапар Қытай Халық Республикасымен біздің ынтымақтастығымыздың екінші қуатты кезеңі ретінде ерекше маңызға ие. Қазір әлемде дағдарыс орын алып отырған шақта, дүниежүзілік қаржы институттарының қаржыландыру мүмкіндіктері азайған кезде, Қытай біз үшін – қолайлы жол және осынау қиын дағдарыс кезіндегі үлкен көмек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, іс-сапар аясында, өзге де маңызды құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ және ҚХР «ЭксИмБанкімен» Қазақстан Республикасындағы автожол саласының инвестициялық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру туралы құжат.

Бұл қадам «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларының түйіндесу уағдаластығын тәжірибе барысында жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік береді. 

 

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер