Келер жылы пәтер кезегінде тұрғандар мәселесі шешілмек - Нұрлы жол|11 Желтоқсан 2015, 10:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келер жылы пәтер кезегінде тұрғандар мәселесі шешілмек

Астана. 11 желтоқсан Baq.kz - Келер жылы 240 мың шаршы метрден астам жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Қабырғасы қаланатын барлық пәтерлерді салуда отандық құрылыс материалдар пайдаланылады.  

Үй инфрақұрылымын дамытудың арқасында елімізде жаңа жұмыс орындары да ашылуда. Мәселен, биылдың өзінде жұмыс таппай сенделген 21 мың азаматқа жаңа қызмет ұсынылған. Жас отбасыларды да Үкімет жарылқауда. Жыл басынан бері мыңнан астам жанұя қоныс тойларын тойлапты.

"Бізде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 7000 пәтер жоспарланған болатын. КИК арқылы біз оны 7200 пәтерден асырдық. Бұл жерде үлкен жұмыс жасалып жатыр ",- деді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Комитет төрағасы Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ.

Үйсіз-күйсіз сенделіп жүрген қазақ отбасыларының жағдайын күйттеу үшін қазынадан 4 жарым млрд теңге бөлініпті. Енді келер жылғы мақсат - кезекте тұрған азаматтарға баспана беру мәселесін тездету. Ал дайын болған үйдердің сапасын бұрынғыдай арнайы комиссия тексеріп, қабылдап алады. Жауаптылар жұртты қоныстандырмай тұрып, кемінде екі ай бұрын тұрғызылған үйдің барлық тұсын тексеріп шығуға міндеттеледі. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер