Келер жылы Алматыда 400 жас отбасы пәтерлі болмақ - Нұрлы жол|04 Желтоқсан 2015, 11:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келер жылы Алматыда 400 жас отбасы пәтерлі болмақ

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz - Жыл басынан бері Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1128 пәтер пайдалануға берілді. 

2015 жылы 1000-ға жуық жас отбасы армандаған баспанаға қол жеткізу үшін өтініш қалдырған. Бүгінде құжаттар іріктелуде. Алдағы уақытта тағы да қабылданбақ. Ол туралы толық ақпаратты әкімдіктің сайтынан қарауға болады. Әрі Елбасы Жолдауына сәйкес, халыққа тұрғын үй барынша қолжетімді бола түспек.

«Жас отбасы бойынша келесі жылы Алматы қаласы Алатау ауданы «Саялы» ықшам ауданынан 400 пәтер қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, «Қарасай батыр» компаниясы үй ұсынады.Ол Түрксіб ауданында орналасады»,- деді Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ипотека бөлімінің бас маманы Әзірет ЕСЕЕВ.

Оған қоса, елімізде пәтер иелері кооперативтерін тезге салатын заң қабылдануы мүмкін. Олардың ісі халыққа барынша айқын болуы үшін әрбір 3 ай сайын есеп береді. Тіпті, қорытындысы әрбір пәтер иелері кооперативінің сайтында жарияланбақ. Өйткені бұл ұйым ешқандай құзыретті органға бағынбайтын көрінеді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер