Келер жылда отандық тауар өндіру ісінде қазақстандық үлес 80%-ға артады - Нұрлы жол|23 Қараша 2015, 12:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келер жылда отандық тауар өндіру ісінде қазақстандық үлес 80%-ға артады

Астана. 23 қараша. BAQ.kz – Бүгін Үкіметте өткен министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы жайында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың арнайы баяндамасы тыңдалды. Министр өз мәлімдемесінде отандақ тауар өндіру ісінде қазақстандық мазмұнды арттыру көзделіп отырғандығын атап өтті.  

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында отандық тауар өндірушілер арасында қазақстандық үлестің пайыздық көрсеткіші бүгінгі аңда 67 пайызды құрап отыр. Бұл еліміздің шығарылатын барлық таар мен қызметтердің біршігінен шыққандағы қорытынды сан. Келер жылдағы бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткіземіз деген жоспарымыз бар, – деді Ерболат Асқарбекұлы.

Үкімет басшысы «орайы келгенде бұл мәселеге қатысты»Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының сөзін тыңдайық. Бұл мәселеге қатысты не айтар екен» деді К. Мәсімов.

– Қазіргі кезде еліміз бойынша 600-ден астам кәсіпкерлер отандық өнім өндірушілер арасында қазақстандық мазмұнды арттыруда өте белсенді жұмыс жүргізуде. Бұлардың қатары күн санап артып келеді және олар әртүрлі салалар бойынша қызмет көрсетіп, өнім өндіреді. Айталық, күні кеше ғана Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында да басымдыққа ие салаларды шұғыл қолға алудамыз. Бір ғана мысал айтайын, Алматыдағы кеңсе жиһаздарын шығаратын кәсіпорынның әлеуетін арттыруды көздеп о ырмыз. Жоба толық іске қосылған жағдайда ЭКСПО көрмесіне қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз ете аламыз, – деді Абылай Исабекұлы.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер