«ҚазАвтоЖол» Халықаралық жол федерациясының мүшесі болды - Нұрлы жол|18 Қыркүйек 2015, 19:48
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚазАвтоЖол» Халықаралық жол федерациясының мүшесі болды

Астана. 18 қыркүйек. Baq.kz - Қазақстандық жолшылар Ыстамбұлдағы «Еуропа мен Орталық Азия» Халықаралық жол федерациясының жергілікті конгрессіне қатысты деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.  

Форумға қатысушы әлемнің 93 елінің жол саласындағы өкілдері автожолдардың даму жүйесі, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін талқыға салды.

Сессия барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Алипов баяндама жасады.

Ұ.Алипов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан көлемді инфрақұрылымдық нысандар туралы ақпарат беріп, Қазақстан автокөлік жолдарының даму жоспарына, қазіргі заманға сай көліктік инфрақұрылымның салынуына, оның ғаламдық көлік торабында интеграциялануына тоқталды.

Сондай-ақ, баяндама барысында халықаралық көлік дәлізін дамыту мақсатында жолшылардың бірлесе жұмыс жасауының тиімділігін, Азиядан Еуропаға және кері бағытта трансқазақстандық бағдар арқылы өтпелі жүк тасымалдаудың маңызы зор екендігін атап өтті.

«Ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында «ҚазАвтоЖол 2015. Қондырғы, құрылыс және жол комплексінің сервистік индустриясы» ХІІ халықаралық көрмесі өткізіледі»,- деді Ұлан Алипов.

«ҚазАвтоЖол»-дың «Еуропа мен Орталық Азия» халықаралық жол федерациясының мүшесі болғаны үшін Ұ.Алипов форум қатысушыларына алғысын айтты.

Оның айтуы бойынша, Халықаралық жол федерациясына қатысуымыз автокөлік жолдарының салынуы мен дамуына, инновациялық тәжірибелермен алмасуға, жол қызметі кадрларын даярлауға мол мүмкіндік береді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер