Қазақстанда жиналған Тальго вагондары 2017 жылдың ортасында пайдалануға беріледі - Нұрлы жол|31 Шілде 2015, 11:18
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда жиналған Тальго вагондары 2017 жылдың ортасында пайдалануға беріледі

Астана. 31 шілде. Baq.kz – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ негізгі бағыттар бойынша жылдам қозғалысты кеңейту мақсатында Тальго жолаушылар вагондарын сатып алуға 20 жылдық мерзімге несие береді.

Банк тиісті несие келісімін ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Астана қаласында «Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ компанияларымен бекітті. Жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын жоба ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысына сәйкес Ұлттық қор қаражатынан қаржыландырылады.

Банкпен ұсынылатын қаржыландыру облысаралық бағыттарда негізгі он қатынас, яғни Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ бекеттері бойынша жолаушы поездар жиынтығын ішінара жаңарту мүмкіндігін береді.

Қазақстанның географиялық және климаттық ерекшеліктерін ескеріп «Тұлпар-Тальго» ЖШС вагонқұрастырушы зауытында шығарылған аса ыңғайлы әрі берік 28 Тальго вагоны сатып алынатын болады. Барлық «стандартты», «туристік» және «бизнес-класс» купелері бейне/аудиоаппаратурасымен жабдықталады.

«Лизингтік жолаушылар вагон компаниясы» АҚ Президенті Нариман Нурьяров:

- Тасымалдаудың қауіпсіздік деңгейі мен сапасын арттырумен қатар осы жобаның шеңберінде біз жылжымалы құрамның жетіспеушілігі мәселесін жоспарлы түрде шешудеміз. Бүгінгі күні жолаушылар тасымалының 60 пайызға дейін түгендемелік теміржол жиынтығы тозып, ауыстыруды қажет етеді. Ондай жоба мемлекеттің және «Бәйтерек» холдингінің қолдауы мен Қазақстанның Даму банкі желісі арқылы Ұлттық қордан қол жетімді әрі ұзақ мерзімді қаражат бөлу арқасында жүзеге асты, - деді.

Жоба «ҚТЖ» ҰК АҚ ұлттық теміржол тасымалдаушысының түгендемелік жиынтығын жаңарту бойынша кешенді салалық бағдарламасының бөлігі болып табылады. Қазақстанда жиналған Тальго вагондарын пайдалануға тапсыру 2017 жылдың ортасында жоспарлануда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер