Қазақстан көлік инфрақұрылымның жақсаруы жөнінен әлемдік рейтингте 30 көтерілді – Дмитрий Потлов - Нұрлы жол|17 Наурыз 2016, 16:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан көлік инфрақұрылымның жақсаруы жөнінен әлемдік рейтингте 30 көтерілді – Дмитрий Потлов

Астана. 17 наурыз. Baq.kz - Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Инвестиция және Даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов мәлімдеді.  

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 халықаралық көлік дәлізі қалыптасып, жұмыс жасауда. Халықаралық көлік дәліздерін дамыту экономикалық өсудің, өңірлер арасындағы сауда операциялары мен байланысты оңайлатудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл үшін Қазақстан көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде жұмыс атқарып жатыр. Соның нәтижесінде Қазақстан 2015 Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 30 сатыға көтерілді. Яғни әлемдегі 140 елдің ішінде 88-ші сатыдан 58-ші орынға жоғарылады», – дейді Дмитрий Потлов.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша Құрық портында қуаты 4 миллион тонна паромдық кешен салу жобасы жүзеге асырылып жатыр екен.

«2015 жылы уақытша пайдалануылға берілген Жезқазған – Бейнеу теміржол желісінің пайдасы зор болды. Бұл теміржолдың арқасында Достық және Алтынкөл станцияларыннан Ақтау теңіз портына дейінгі тасымалдау қашықтығы 1036 шақырымға дейін қысқарды. Сол арқылы Қытай мен Еуропа елдері бағытындағы жүктерді Қазақстан аумағы арқылы теміржолмен тасымалдауға мүмкіндік ашылды. Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аясында Құрық портында қуаты 4 миллион тонна паромдық кешен салу жобасы қолға алынды. Мұның сыртында Боржақты – Ерсай теміржол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сол арқылы салынып жатқан паром терминалын теміржол магистралімен қосуға мүмкіндік туады», – дейді ол.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер