Қ.Бишімбаев: Сатып алу мүмкіншілігімен жалға алынатын пәтерді жалдау құны айына 60 мың теңгені құрайды - Нұрлы жол|30 Қараша 2015, 09:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Бишімбаев: Сатып алу мүмкіншілігімен жалға алынатын пәтерді жалдау құны айына 60 мың теңгені құрайды

 АСТАНА. 30 қараша. BAQ.KZ - Сатып алу мүмкіншілігімен жалға алынатын пәтерді жалдау құны айына 60 мың теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

 «Біздерден сатып алынатын тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 160 мың теңгені құрайды. Біз салатын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы Астана мен Алматыда шамамен 130 мың, ал өңірлерде 100-105 мың теңгені құрайды. Ал бәрін қосып, орта есебін шығарсақ ол шамамен 126 мың теңге. Демек, азаматтар шамамен бір шаршы метрге 1200 теңге төлейді. Біздің пәтерлердің аумағы 30-дан бастап 80 шаршы метрге дейін. 1 шаршы метрге 1200 теңгеден есептейтін болсақ, шамамен 50 шаршы метрге, яғни 2 бөлмеге айына 60 мың теңге төленеді», - деді ол.

Холдинг басшысының айтуынша, тек жалға алынатын пәтерлердің ай сайынғы жалдау құны сатып алу құқы берілетін пәтерлерді жалдауға қарағанда 2 есе төмен болады. Мәселен, 50 шаршы метрді тек жалға алған азамат айына 35 мың теңге төлейді. Жалға алу мерзімі 20 жылды құрайды. Ағымдағы жылы 7 мың пәтер пайдалануға берілмек. Бүгінгі күні оның 4 мыңнан астамы берілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер