Ішкі істер министрі «Нұрлы жол» бағдарламасының нысандарын аралады - Нұрлы жол|22 Ақпан 2017, 12:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ішкі істер министрі «Нұрлы жол» бағдарламасының нысандарын аралады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекелестік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру үшін Ішкі істер министрі Алматы облысында болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Министр алдымен облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты, онда Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу соңында Қ.Қасымов «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар нысандарын аралап, құрылысты іске асыру барысымен танысты.

Министр сондай-ақ, облыстық ІІД-нің жеке құрамымен кездесіп, құқық қорғау органдарының азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттеріне жеке-жеке тоқталды. Өңірдегі ішкі істер органдарының бірқатар нысандарында болып, полиция бөлімшелерінің жұмысымен танысып шықты.

«Мемлекет басшысы экономикададағы, әлеуметтік саладағы кең ауқымды міндеттер мен мақсаттарды айқындап берді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру – әрқайсымызға лайықты өмір сүріп, азаматтық және қызметтік парыздарды орындауға мүмкіндік береді. Алға қойған жоспарларды орындау арқылы ел дамуына лайықты үлесімізді қосатынымызға сенімдімін», – деді ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер