Халық қалаулылары «Нұрлы жол» арқылы салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралайды - Нұрлы жол|10 Шілде 2017, 12:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Халық қалаулылары «Нұрлы жол» арқылы салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралайды

Осы аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары Алматы, Көкшетау қалаларына және СҚО, БҚО өңірлеріне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«10 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Алматы қаласына барады. Мәжілістің вице-спикері Алатау ауданындағы «ВРБ АПК» ЖШС жылыжай кешенінің ұжымымен кездеседі. Дәл осы күні Көкшетауда Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Сергей Звольский, Жанат Омарбекова, Сапархан Омаров, Мұрат Теміржанов, Михаил Чирков «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесу өткізеді», - деді ол.

Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі бір топ депутаттардың Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен баратындығын атап өтті.

«Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездеседі. Ал 11 шілде күні Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Бақтықожа Ізмұханбетов, Қанат Мусин, Абылай Тасболатов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысанның құрылысымен танысады. Сол күні мәжілісмендер Кәрібай Мұсырман, Артур Платонов, Петр Шарапаев, Ольга Шишигина Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көпсалалы жабдықтар зауыты» ЖШС ұжымымен кездеседі деп жоспарланған», - деп түйіндеді сөзін Оксана Лоскутова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер