Астана. 18 қазан. Baq.kz - Өткен аптада ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов Германияның атақты қоғамдық-саяси қайраткері, бұрынғы вице-канцлері және сыртқы істер министрі Ханс-Дитрих Геншермен кездесті. Сұхбат барысында неміс саясаткері еліміздің энергетикалық, өндірістік, көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып өтті деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Ханс-Дитрих Геншер Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері еліміздің жемісті әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықаралық аренада жетістіктерін зор қызығушылықпен бақылап отырғанын атап өтті. Х.Д. Геншердің айтыуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің ғана емес, жалпы аймақтың тұрақтылығын және нық дамуын қамтамасыз етуіне ең маңызды үлес қосып отыр. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары «Қазақстан 2050» ел дамуы стратегиясының мақсаттары мен басымдықтарын айқындайтын жол қартасы болып табылады.
Неміс саясаткерінің пікірі бойынша, Президенттің қазіргі Жолдауындағы бірқатар бағыттарды жүзеге асыруда Германия өзінің үлесін қоса алар еді. Атап айтқанда, Казақстанның энергетиялық, өндірістік, көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына неміс тәжірибесін қолдану, соңдай-ақ жастарды окыту. Ханс-Дитрих Геншер Жолдаудағы қойылған мақсаттарға жетуде Қазақстанға табыстар тіледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!