«Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғары вольтты желінің құрылысы басталды - Нұрлы жол|13 Қазан 2015, 10:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғары вольтты желінің құрылысы басталды

АСТАНА. 13 қазан. Baq.kz - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясында аймақта 2015 жылға «ШҚ РЭК» АҚ жалпы кұны 3,9 млрд теңгеге электртасымалдау жүйелерін жөндеуден өткізуді, жаңғыртуды, қайта жөндеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ұзындығы 1 559 шақырымдық «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті желісінің құрылысы басталған. 

Бұл туралы кеңейтілген аппараттық кеңес барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев баяндап, аталған жобаларды жүзеге асыру барысы бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша жоспарланған жобалардың ішінде 1 шақырым электртасымалдау желісі салынған, 110 шақырымы қайта жөндеуден өткен және жаңғыртылған, 553 шақырым электртасымалдау жүйесі күрделі жөндеуден өткен.

Биылғы жылдың басты жобаларының бірі «KEGOC» АҚ салып жатқан жалпы ұзындығы 1 559 шақырымдық, ал ШҚО бойынша 865 шақырымды құрайтын «Екібастұз-Семей-Өскемен» жоғарғы вольтті жүйесі болып табылады. Жобаның Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы құны 45,5 млрд теңгені құрайды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлағандай, жобаның негізгі мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысындағы өткізу қабілетін ұлғайтып, Шығыс Қазақстан облысында Ресей бірыңғай энергетика жүйесі арқылы өтетін электр қуаты транзитіне қарамай, тапшылықтың орнын толтыруды қамтамасыз ету болмақ.

Сондай-ақ, Өскемен және Семей қалаларында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылу, сумен қамту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жалпы, жылумен қамту нысандарын жаңғырту бойынша, жалпы сомасы 2 111,5 млн теңгеге 12 жоба іске асуда.

-Жалпы алғанда «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Семей қаласына қатысты да бірқатар жұмыстар атқарылғандығына күмәнім жоқ, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер