BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Чехияда Елбасының жаңғыру реформалары таныстырылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғыру реформалары Прагада жұмысын бастаған «ЕҚЫҰ аумағында инновация, адам капиталын дамыту, қоғамдық және корпоративті жақсы басқару арқылы экономикалық даму мен қауіпсіздікті нығайту» тақырыбына арналған 26-шы ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумы барысында таныстырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Форумның қорытынды отырысы биыл Вена және Венецияда болған дайындық жиналыстарының негізінде ұйымдастырылды және іс-шараның сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар халықаралық сарапшылар цифрлық экономика дәуіріндегі мүмкіндіктер, бизнес секторында цифрлық қауіпсіздік, мемлекеттік және корпоративті жақсы басқаруда цифрлық инновациялар, цифрлық дәуірде адам капиталы мен экономикалық өзара байланысты ілгерілету мәселелері талқыланды. Осының негізінде биыл Миланда жоспарланған ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінде экономика және қоршаған орта тақырыбына арналған шешімдер жобаларын қабылдау мүмкіндігі қарастырылды.

Форумның ашылу сессиясында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы басымдықтарына Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі – ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы Қайрат Сарыбай назар аударды.

Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Джулиельмо Пикки цифрландыру ЕҚЫҰ үшін жаңа тақырып болғанына қарамастан, ұйым осы тақырыптың төңірегінде өзін жандандыра алатынын мәлімдеді. Сонымен бірге, қазіргі таңда цифрландыру бизнестің дамуына әрі жаңа деңгейге шығуына оң ықпал етіп жатқанын және жаңа жұмыс орындарының ашылуына себепкер болғанын атап өтті. Сондай-ақ цифрландырудан туындайтын қауіп-қатерлерге байланысты ұйымға мүше елдердің кеңесе бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды.

Чехия сыртқы істер министрінің орынбасары Томаш Петричек ЕҚЫҰ Экономика және экология форумының өзара сенім және диалог орнату тұрғысынан ерекше платформа болғанын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер