БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кешені салынады - Нұрлы жол|14 Тамыз 2015, 10:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кешені салынады

Астана. 14 тамыз. Baq.kz - Оралда бес тұрғын үйден тұратын жаңа тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ол Қашаған кентінде салына бастайды. 

 

Орал қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалықтардың тұрғын үй проблемасы «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары мен тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесінің көмегімен шешілуде.

«Орал-Атырау» мен «Орал-Саратов» тас жолдары арасындағы бес үйден тұратын тұрғын үй кешені құрылысының тапсырыс берушісі – «Қазақстан ипотекалық компаниясы». Жоба бойынша 500 пәтерден тұратын жалпы аумағы 25 мың шаршы метрді құрайтын бес үйдің құрылысы қарастырылған. Олардың барлығы кезекте тұрғандарға арналған. Тапсырыс беруші атынан «Бәйтерек Девелопмент»АҚ ұлттық компаниясы қызмет атқаруда. Ол қазір құрылыс-монтаж жұмыстарына байқау жариялады. Қорытынды қыркүйек айының басында шығарылады», - деді Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов. 

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер