Биыл "Нұрлы жол" бойынша жол жөндеуге 356 млрд теңге бөлінді - ҰЭМ - Нұрлы жол|29 Маусым 2017, 18:56
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл "Нұрлы жол" бойынша жол жөндеуге 356 млрд теңге бөлінді - ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салалық экономика департаментінің директоры Ержан Қазанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Нұрлы жол» арқылы жол жөндеуге 2015-2016 жылдарда бөлінген қаржының игерілу барысын айтты, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Негізгі автокөлік жобаларын жүзеге асыру үшін «Шұғыла» қағидаты бойынша 2 жыл ішінде 616 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражаттың есебінен 2 мың шақырым жол құрылыстық-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың ішінде 1,3 мың шақырымнан астам автокөлік жолы іске қосылды. Ағымдағы жылы аталған бағытқа 356 млрд теңге қарастырылып отыр. 4,4 мың шақырым автокөлік жолын құрылыстық-жөндеу жұмыстарымен қамту және 600 шақырымды іске қосу жоспарлануда», - деді Қазанбаев.

Ол логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін 2 жыл ішінде Мемлекеттік бағдарлама аясында Ұлттық қордан 95.2 млрд теңге бөлінгендігін атап өтті. Аталған қаражат Боржақты – Ерсай, Алматы – Шу тасжолдар желісінің, Құрық порты паромдық өткелінің құрылысына бағытталды. Бүгінде барлық осы нысандар іске қосылды және ел экономикасына белгілі бір үлесін қосуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер