BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл «Нұрлы жол» бойынша елімізде 528 км жол пайдалануға беріледі

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Инвестициялар және даму министрлігі бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Назарларыңызға Мемлекеттік бағдарламаның бір саласы, ел аумағында автожол төсеу және реконструкциялау бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу ұсынбақпыз. Мәліметтер Baq.kz ақпарат агенттігінің арнайы сұрауымен министрліктің жауапты органдарынан алынды.

Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 95,3 мың км, оның ішінде республикалық желі – 24,1 мың, жергілікті желі – 71,2 мың шақырымды құрайды.

2018 жылы жалпы ұзақтығы 4,2 мың км құрайтын 23 жобаны іске асыру жоспарланған, ол үшін 269,4 млрд теңге көзделген.

23 жоба:

1) Ел астанасы мен Алматыны сапалы жолмен қосуға мүмкіндік беретін Орталық – Оңтүстік (Астана-Алматы) жобасын іске асыру жалғастырылуда. 2016 жылы Астана – Теміртау және Алматы – Балпық биге дейінгі учаскелерді реконструкциялау аяқталды. 2017 жылы жалпы ұзақтығы 275 км Балпық биден Талдықорғанға дейін қозғалыс ашылды.

2) Қарағанды қаласының айналма жолын қоса алғанда (62 км) Теміртау – Қарағанды учаскесіне реконструкциялау жүргізілуде.

3) Халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен (ЕРДБ – 143 км, ДРДБ – 85 км) ұзақтығы 228 км, жалпы құны 115 млрд теңге болатын Күрті – Бурылбайтал учаскесін реконструкциялау жұмысы басталды.

4) Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасының ағымдағы қарыздары бойынша үнемдеу есебінен (490 млн доллар үнемделген) ұзақтығы 297 км болатын Балқаш – Бурылбайтал учаскесін реконструкциялауды бастау жоспарланды.

5) Орталық-Шығыс (Астана - Өскемен) жобасы белсенді фазада іске асырылып жатыр. Оның ішінде, ұзақтығы 441 км болатын Астана – Павлодар учаскесінің 200 км-де қозғалыс, Ертіс өзені арқылы өтетін ұзақтығы 12 км көпір өткелі ашылды. Бұл жол құрылысын биыл толық аяқтау жоспарланды.

6) Биыл ұзақтығы 473 км Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесінің 260 шақырымы құрылыс жұмыстарымен қамтылатын болады.

7) Орталық – Батыс жобасы (Ақтөбе – Атырау – Астрахань және Бейнеу-Ақтау) іске асырылуда. Ұзақтығы 159 км болатын Ақтөбе – Қандыағаш (құны – 81 млрд теңге) және ұзақтығы 277 км болатын Атырау – Астрахань (құны – 134 млрд теңге) учаскелері Ислам даму банкінің қарыздары есебінен реконструкцияланатын болады.

8) Ұзақтығы 299 км болатын Қандыағаш – Мақат учаскесі (құны – 98 млрд теңге) Азиялық даму банкінің қарыздары есебінен реконструкцияланатын болады. Қарыз туралы келісімге 2016 жылы қол қойылған, құрылыс жұмыстары 2017 жылғы қарашада басталды. Ал Қандыағаш – Мақат учаскесі бойынша бұған дейін қолға алынған 26 шақырым жолды реконструкциялау жұмысы (құны – 5,9 млрд теңге) 2017 жылы аяқталды.

9) Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Ақтау учаскесі. 2017 жылғы желтоқсанда учаскенің барлық ұзақтығында (470 км) қозғалыс ашылды.

10) Астанадан солтүстік бағыттағы Көкшетау – Петропавл учаскесіндегі жоба іске асырылуда. 2016 жылы ұзақтығы 180 км болатын Көкшетау – Петропавл учаскесінің реконструкциясы бойынша жұмыстар толық аяқталды. Ал Петропавл – РФ шекарасы (Қорғанға қарай) учаскесі 2019 жылы аяқталатын болады (құны – 32 млрд теңге).

11) Ұзақтығы 1003 км Алматы-Өскемен тасжолының ұзақтығы 117 км Қапшағай-Талдықорған учаскесі бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Қалған жұмыстарды аяқтау жыл соңында бітеді (құны – 57 млрд теңге).

12) Ұзақтығы 763 км болатын Талдықорған - Өскемен учаскесі (құны – 292 млрд теңге) ҚХР ЭксИмБанк қарыздары есебінен реконструкцияланатын болады. Іске асыру 2017 жылы басталды.

13) Орал-Тасқала жобасы бойынша реконструкциялау автожолдың барлық ұзақтығында 2015 жылы басталды. 2017 жылы 65 км-де қозғалыс ашылды, 2018 жылы жұмысты толық аяқтау жоспарланған.

14) Ұзақтығы 73 км болатын Жетібай-Жаңаөзен учаскесі бойынша 2017 жылы Азия даму банкімен қарыз туралы келісім ратификацияланды және мердігерлік ұйымдармен шарт жасалды.

15) Ұзақтығы 96 км болатын Ұзынағаш – Отар учаскесі бойынша 2018 жылы қарыз туралы келісімге қол қою және мердігерлік шарт жасасу жоспарлануда.

16) Ұзақтығы 85 км болатын Бейнеу – Ақжігіт жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2017 жылғы маусым айында басталды.

17) Ұзақтығы 114 км болатын Қостанай – Денисовка учаскесі бойынша 2017 жылы мердігерлік шарт жасалды.

18) Ұзақтығы 180 км болатын Үшарал – Достық учаскесінде жұмыстар 2017 жылғы қыркүйек айында басталды.

19) Ұзақтығы 187 км болатын Таскескен – Бақты учаскесінде 20 км реконструкциясын аяқтау қажет. Жұмыстар 2017 жылғы екінші жартыжылдықта басталды.

20) Ұзақтығы 80 км болатын Щучинск – Зеренді жобасы бойынша жұмыстар 2017 жылғы екінші жартыжылдықта басталды.

21) Шығыс Қазақстан облысындағы ұзақтығы 32 км болатын Осинов асуы жобасы бойынша жұмыстар 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта басталды.

22) Ұзақтығы 80 км болатын Қордай асуының айналма жолын I техникалық санатқа ауыстыру бойынша жоба іске асырылуда. 2017 жылы 40 км-де жұмыстар аяқталды, 2018 жылы толық аяқталады.

23) Ұзақтығы 266 км болатын Мерке – Бурылбайтал, ұзақтығы 33 км болатын Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы және ұзақтығы 415 км болатын Қалбатау – Майқапшағай жобалары Қытай ЭксИмБанк қарыздары есебінен реконструкцияланатын болады. Іске асыру 2017 жылғы екінші жартыжылдықта басталды.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген жобалардың реконструкциясын 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Орындалған жұмыстар есебінен жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесін 90%-ға дейін, I және II техникалық санаттағы жолдардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Жалпы жыл қорытындысы бойынша 528 км-де қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Олар:

Орталық – Шығыс – 233 км,

Орталық – Оңтүстік – 45 км,

Орал –Каменка– 35 км,

Бейнеу – Акжігіт – 85 км,

Алматы – Талдықорған – 16 км,

Қордай к. айналма жолы – 19 км,

Астана – Петропавл – 20 км,

Таскескен – Бақты – 20 км,

Щучинск –Зеренді – 20 км,

Талдықорған – Өскемен – 20 км,

Қалбатау – Майқапшағай – 9 км,

Астана қаласы Оңтүстік-батыс айналма жолы – 6 км.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер