Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 9 жобаны жүзеге асырмақ - Нұрлы жол|19 Қаңтар 2017, 20:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл Қазақстан мен Қытай бірлескен 9 жобаны жүзеге асырмақ

Жалпы құны 1,7 млрд доллар инвестицияны құрайтын жоба «Жібек жолы» бағдарламасының алғашқы нәтижесі.

«Бұл екі бағдарламаның еліміз үшін берері мол», - дейді экономистер. Тіптен кәрі құрлық пен Азия арасындағы сауда айналымын арттыру мақсатында банк құрылған. Қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы жылдық сауда-саттық көлемі 14 млрд доллар. Бүгін Алматыда бас қосқан екі ел кәсіпкерлері бұл көрсеткішті 40 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

«Қытай елінің үкіметі мен жергілікті кәсіпкерлер Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, сіздердің де елдеріңіз инвестиция салуға мүмкіндік зор. Сондықтан, екі елге пайдалы салаларды қаржыландырған дұрыс деп есептеймін», - дейді бизнес-консалтингтік компания директоры Чжуаньу Лю.

Басқосуда экономистер мен кәсіпкерлер Қазақстанның географиялық жағдайын ұтымды пайдалануы керектігін айтты. «Жібек жолы» бағдарламасы арқылы шығыс пен батысты байланыстырып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыруға болады. Соның бір дәлелі жалпы құны 1,7 млрд долларды құрайтын 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

««Нұрлы жол» мен «Жібек жолы» бағдарламасының негізгі бағыттары ұқсас. Басты мақсаты – екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттыру. Сонымен қатар, заманауи инвестициялық жобаларды қолдау», - дейді экономика ғылымдарының докторы Вильмур Әукен.

Кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстан экономикасын өркендету үшін ең алдымен ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсіпті дамытып, қазба байлықтардан дайын өнім алатын зауыттар санын көбейту. Сөйтіп экологиялық таза өнімдерімізді көршілеріміздің нарығына шығарып, пайда әкелуге мүмкіндік бар. Ал, өндіріс орындарын салу үшін инвестиция тартуға елімізде қолайлы жағдай жасалған.

Хабар24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер