Бауыржан Байбек: "Жолдау партиямызға да, бүтін елге де айрықша міндеттер жүктейді" - Нұрлы жол|25 Қараша 2014, 12:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бауыржан Байбек: "Жолдау партиямызға да, бүтін елге де айрықша міндеттер жүктейді"

Астана. 25 қараша. Baq.kz - Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарының аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның өңірлік филиалының XVI есептік-сайлау конференциясына қатысып, Елбасы Жолдауының кешендік тұрғыда болашақтың инфрақұрылымына инвестиция жасауға жол ашып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі. 

«Партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен «Нұр Отан» елдің ынтымағын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін ауқымды жұмысты абыроймен атқарып келеді. «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын жариялаған биылғы Жолдау партиямызға да, бүтін елге де айрықша міндеттер жүктейді», - деді ол. Саясаткердің айтуынша, жаһандық дағдарыстан сүрінбей өтудің және дамудың алдағы ондаған жылын қамтитын осы жобаның басты түйіні – инфрақұрылымды дамыту арқылы алысты жақындатып, елдің ішкі әлеуетін күшейту, тұтастығымызды нығайту. Мұның ішіндегі ең маңызды жайт – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуда елдің іркілмеуін қамтамасыз ету. «Жаңа жобаларға келсек, мамандардың есебінше, тек жол құрылысы ғана 200 мыңнан астам жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беріп, бөлінетін қаржының ең кемі 1 миллиард доллары жұмыскерлердің жалақысына жұмсалады. Жалпы, 24 миллиард доллар қаржының қомақты пайызы салық ретінде бюджетке түсіп, ол жер-жердегі күрделі мәселелердің шешілуіне, халықтың игілігіне жаратылатын болады», - деп ойын жалғады Б.Байбек. Сонымен қатар, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» аясында бөлінетін қаржының мультипликативті нәтиже көрсететініне сенім білдіріп отырғанын жеткізді. Яғни, тапсырмаға сәйкес, халыққа, мемлекетке мейлінше пайда келтіретін салаларға ғана қаражат жұмсалатын болады. «Инфрақұрылым салудың сауда-саттықты, халықаралық транзитті арттыратыны анық. Атап айтқанда, мұның әлеуеттік тұрғыда құрылыс материалдары өндірісінің дамуына мұрындық болып, машина жасаудың өркендеуі, ауылдық жерлерді нарықтық айналымға қосылуын қамтамасыз ететіні және басқа да келелі нәтижелерге қол жеткізуге себеп болатыны сөзсіз», - деп түйіндеді саясаткер. Айта кетейік, есептік-сайлау конференциясына 500-ден аса партия өкілі қатысып, облыстың жаңа басшысы Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясының ШҚО- дағы филиалының Төрағасы болып сайланды. Бұдан бөлек, ШҚО-дағы партия филиалы Саяси кеңесінің жаңартылған құрамы анықталып, ондағы мемлекеттік қызметкерлердің 25%-ға қысқартылуының есебінен ҮЕҰ өкілдеріның саны 2 есеге көбейтілді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер