BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа»: Жол бойына мотель мен кемпингтер салынады

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында мотель, кемпинг секілді жол инфрақұрылымдары салынады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жібек жолына қатысушы елдердің «Бірлікке барар жолда» халықаралық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жібек жолы бойынша туризмді дамыту Орталық Азия мен көршілес елдердің барлығының алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін бәріміз білеміз. Қазақстан – ескі қалалар, тарихи ескерткіштер сақталған Жібек жолының бойында тамаша географиялық орны бар мемлекет. Қазіргі таңда біз жүк ағыны ғана емес, келетін туристер санын арттыратын жаңа Жібек жолын құрып жатырмыз. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынша жол бойына мотель, кемпинг секілді инфрақұрылым салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, бүгінде Қазақстанның туристік бренді әзірленіп жатыр. Бес брендтің үшеуі Жібек жолында орналасқан. ЮНЕСКО мәдени мұраларының тізіміне енген Жібек жолы бойындағы 33 объектінің 8-і Қазақстанда. Олар – Қаялы, Қарамерген, Талғар, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақтөбедегі Степинская.

2017 жылғы Trip Advisor зерттеуінше, туристердің 47 проценті Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға бір сапар аясында барғысы келетіндерін айтқан.

Осы орайда қазіргі таңда келесідей бастамалар алға қойылып отыр:
1. БҰҰ, ДСҰ, ЮНЕСКО эгидасымен ұзақ мерзімді Ұлы Жібек жолындағы туризм;
2. «Бір белдеу бір жол»;
3. Азия даму банкінің «Алматы - Бішкек» экономикалық дәлізін дамыту жобасы;
4. Түркі тілдес елдер Кеңесінің серіктестік орнатуымен қазіргі заманғы Жібек жолы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер