BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізімен тасымалданатын транзит пен жүк көлемі 2,5 есеге артты

Бүгінгі таңда еліміздің көлік саласы оң өсім динамикасын көрсетіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 4,8%-ға артты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Көлік қызметінен түскен табыс 7,7%-ға артып, 2,4 трлн теңгеге жеткен. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 5,1%-ға өсіп, 3,9 млрд тоннаға жетті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің тиімділігі дәлелденді. Орташа жылдық экономикалық тиімділік 190 миллиард теңгеден асады. Жүк тасымалдау (33 млн. тонна) мен транзит (900 мың тонна) көлемі 2,5 есеге өсті. Жол жүру уақыты екі есе азайды, жазатайым оқиғалардың саны 27%-ға, жол апаты салдарынан қаза болу көрсеткіші 35%-ға төмендеді» - деді министр.

Министрдің айтуынша, көлік дәлізі бойында 277 автожол қызметі бар. Оның 55-і соңғы жылдары құрылды (Жамбыл облысы - 23 бірлік, Оңтүстік Қазақстан облысы - 19 бірлік, Қызылорда облысы - 16 бірлік, Ақтөбе облысы - 15 бірлік). Олар жол пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсететін және шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретін жобаларға айналды.

Жалпы, 2017 жылы автомобильмен жүк тасымалдау көлемі 2,1 млн тонна болып, соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер