«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының құрылысы аяқталуға жақын - Нұрлы жол|23 Ақпан 2016, 19:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының құрылысы аяқталуға жақын

Астана. 23 ақпан. Baq.kz - Оңтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар 4400 шақырым жолдың 62%-ы көңіл көншітерлік жағдайда.
 

Елордада есеп берген облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов осылай деп мәлімдеді. Өткен жылы бас-аяғы 558 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аймақтағы ірі магистарль «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолының құрылысы да аяқталуға жақын. Ұзындығы 420 шақырымның енді 220-ысына асфальт төсеу ғана қалды. Қызылорда-Шымкент бағыты бойынша құрылыс толық аяқталған, ал Жамбыл облысымен байланыстыратын жол биыл толық пайдалануға беріледі.

Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі: - Шымкент-Ташкент тас жолының құрылысы жөнінде қазіргі уақытта Қазығұрт асуына жол төселді. Бір бағыттағы қозалыс осы жылдың соңына дейін беріледі. Ал тасжолды толығымен пайдалану тек келер жылы мүмкін болады.
 

Фото: syrboyi.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер