Бақытжан Сағынтаев Алтынкөл теміржол стансасында болды - Нұрлы жол|15 Наурыз 2016, 15:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бақытжан Сағынтаев Алтынкөл теміржол стансасында болды

Астана. 15 наурыз. Baq.kz - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына іс-сапары аясында «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы (ХШСО), «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, Алтынкөл теміржол стансасында болып, инфрақұрылым нысандарының салыну барысымен танысты.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин АЭА дамыту шараларымен және көліктік-логистикалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы барысымен таныстырды.

2014 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрғақ порт құрылысын бастауға пәрмен берді. Құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде атқарылып, инфрақұрылымдық нысандардың бірінші кезегі 2015 жылғы желтоқсанда берілді. «Бұл өз кезегінде құрғақ порттың операторы болып табылатын «KTZKhorgos -Gateway» компаниясының өндірістік және инвестициялық қызметіне кірісуіне мүмкіндік берді.

Биылғы жылы мұнда 200 мың контейнерді өңдеу, 2020 жылға қарай толық қуатын пайдаланып, жылына 500 мың контейнер өңдеу жоспарланып отыр.

2015 жылы ҚХР- ЕО- ҚХР бағдарына 47 мың контейнер жіберілді. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, екі есеге жоғары көрсеткіш. Бүгінгі таңда «KTZExpress» контейнерлік тасымал көлемін жүз пайызға өсірді. Тікелей тендерлерге қатысу, контейнерлердің рефрижераторлық паркіне инвестиция тарту арқылы компания тасымалдауды жыл бойы атқаруға жеткізіп, пойыздардың кері бағдарын 46 пайызға жүкпен қамтамасыз ету мүмкін болды.

Қазіргі кезде инвесторларға қолайлы жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Ол үшін АЭА аумағында орындалатын тапсырыс берушінің өтініші қабылданған сәттен бастап, оның ең соңғы өнімге дейінгі құрылымдық тәртіптерін барынша жетілдіру жүргізіледі.

Бүгінде құрылысшылар Құрғақ порттың екінші кезеңінің құрылысына кірісті. Белгіленген кесте бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылғы мамырда аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, АЭА қарқынды жүзеге асырылуына бар жағдай жасалып жатыр. Жұмысшыларға арналған тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандар салынуда, 100 мың адам тұратын жаңа қаланың бас жоспарының жобасы жасалған.

«KTZKhorgos -Gateway» бас директоры К. Гейсеннің айтуынша, «DPWorld» компаниясымен бірлесе отырып, қазіргі заманғы IT технологиясын өндіріске енгізіп, Құрғақ порттың сыртқы және ішкі бизнес үдерісін синхронды жүргізіп, жұмысты «бір терезе» әдісімен атқаруды жолға қойған. Оның сыртында еңбеккерлер тұрақты түрде шетелдегі тренингтерде болып, біліктілігін көтереді. Жұмысқа қабылдауға негізінен Алматы облысының тұрғындарына басымдық беріледі.

Сапар барысында делегация «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының (ХШСО) бұдан әрі даму мүмкіндіктерімен танысты. Қорғас ХШСО президенті Василий Нидің айтуынша, бүгінгі таңда 14 нысан құрылысы басталып кетті. Атап айтқанда, орталық алаң, қолөнершілер қаласы, конгресс-холл, 4 сауда галереясы, ашық базар, сауықтыру кешені, сауда орталығы мен 3 сауда үйі. 18 нысанның жобалық құжаттары әзірленіп жатыр. Жоспар бойынша алғашқы инвестициялық нысандар қолданысқа 2016 жылы мамыр айында беріледі.

Қазақстан-қытай өткізу бекетімен танысу барысында Бақытжан Сағынтаев оның технологиялық және бақылау құрылғылары жағынан барынша жетілдірілуін қамтамасыз етіп, өткізу мерзімін барынша қысқарту жөнінде шаралар қабылдаудың қажет екендігін атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетінің дамуына серпін береді. Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуінің жасақталуына қызмет етеді.

«Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Еуразия құрлығы бойынша маңызды орынға ие. Қорғас –Шығыс қақпасы Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен ТМД елдеріне, Еуропа, Парсы шығанағы мен өзге де өңірлерге апаратын жолдардың қиылысында тиімді орналасқан. Мультимодальдық логистиканы дамыту мен ірі өндірістік және сауда орталықтарын ұйымдастыру мүмкіндіктері бұл жобаның әлемдік деңгейдегі дистрибуциялық орталыққа айналуына жол ашады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер