Б.Әбдікәрімов: Жаратқанға шүкіршілік айтудан жалықпайық - Нұрлы жол|26 Қараша 2014, 10:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Б.Әбдікәрімов: Жаратқанға шүкіршілік айтудан жалықпайық

 АСТАНА. 26 қараша. BAQ.KZ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауларының қай-қайсысын да қалт жіберген емеспін. Әр кез астарына мән беріп, олардан болашағымыздың жарқын келбетін көремін. Елбасымыздың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бағдар» атты Жолдауында да үлкен стратегия жатқанын айту керек.

 Қазақстан халқы өзінің бірлігімен әлем елдерінің талайына үлгі болуда. Біздегі бейбітшілік, ұлттар татулығы, дінаралық келісім өрлеуіміз бен дамуымыздың бірден-бір кепілі болуда. Президенттің бас құжатта былай деуі де сондықтан: «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!»
Иә, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Алайда, туған еліміздің қарышты қадамына үлес қосу дін қызметкерінің міндеті немесе борышы емес деген сөз жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, жалпы мұсылман қауым еліміздің өрлеп-өркендеуіне мүдделі. Сондықтан да бас мүфти Ержан қажы Малқажыұлы 2020 жылға дейінгі бағдарламамызды жасап, Қазақстан деген үлкен шаңырақтағы татулықты, бірлікті, бейбітшілікті нығайта түсуге, дін мен дәстүрімізді қатар ілгерілетуге, асыл дініміздің әлімсақтан баба салтымен, тұрмысымен біте қайнасқанын ұғындыруға күш салуда. Биылғы жылдың «Дін мен дәстүр» жылы деп аталып, мұның нәтижесіз болмауы да мені қуанта түседі. Өйткені, осы жоба аясында қаншама шаралар қолға алынып, талай құндылықтарымыз жаңғырды, жаңарды, қазақпен қауышты.
Басшыға бағынуды Ислам діні міндеттейді. Ендеше қазақ жұртына Алла тағаланың Нұрсұлтан Әбішұлындай Президент бергеніне, көреген басшы тағайындағанына, сарабдал саясатын жемісті еткеніне шүкір деуге тиіспіз. Діни ахуалымыз көңіл көншітеді, араздықтың ауылы бізден алыс, жұмыла көтерген жүгіміз бар, бағдарымыз айқын. Яғни, «Нұрлы жолдың» да ертеңі жемісті болатынына сенім мол.

 

 

Бағдат Әбдікәрімов,
«Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
12 Наурыз 2017, 23:27
ЖАРАТҚАНҒА ТІЛЕК
Пікірлер