Атырау облысында халықты жұмыспен қамтуға 1,2 млрд. теңге бөлінді - Нұрлы жол|06 Қазан 2015, 09:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атырау облысында халықты жұмыспен қамтуға 1,2 млрд. теңге бөлінді

Астана. 6 қазан. Baq.kz – Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Атырау облысында 1 млрд. 227 млн теңге қарастырылды деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 437,9 млн. теңгеге әлеуметтік инфрақұрылым саласында 20 нысан салынып, 199 адам жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша (тірек ауылдары мен кәсіпкерлікті дамыту негізінде жұмыс орындарын ашу) 203 атыраулық азамат жалпы сомасы 500,7 млн. теңгені құрайтын микронесие, оның ішінде 96 адам 237,4 млн. теңге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта микронесие алды.

Бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында (жұмыс берушінің сұранысы шеңберінде оқыту мен қоныс аудару есебінен жұмыспен қамту) 289 млн-ға жуық теңге қарастырылды.

Сонымен, ағымдағы жылы 572 адам жастар практикасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрса, 455 облыс тұрғыны кәсіби білім алып, 28 азамат қайта даярлау курстарына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, республикада ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыруға 37,3 млрд. теңге (2014 ж. – 94,3 млрд. теңге, 2013 ж. – 102,9 млрд. теңге, 2012 ж. – 57,6 млрд. теңге) қарастырылған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер