Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары ақылы болады - Нұрлы жол|25 Шілде 2017, 11:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары ақылы болады

Фото: ҚазАвтоЖол

Жыл соңына қарай Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдарында ақылы жүйені іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жыл соңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 және 2 техникалық санат бойынша 600 шақырым жолды аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолын реконструкциялау жұмыстары толық аяқталады.

«Жыл соңына қарай Астана-Теміртау (132 км), Алматы-Қапшағай (42 км) және Алматы-Қорғас (295 км) автожолдарында ақылы жүйені іске қосу жоспарланып отыр», - деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2017-2018 жылдары жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері жүйесін жаңғырту жұмыстары да жүргізіледі. Шамамен 1 220 км желінің құрылысын жүргізіп, реконструкциялауға Ұлттық қордан 53 млрд теңге қарастырылыпты (жылу желілері 93,1 км, сумен жабдықтау желілері 1042,3 км, су тарту желілері 84,4 км, 5 қазандық пен 13 су шаруашылық нысаны).

«2017 жылдың соңына дейін 700 шақырымға жуық жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілерін салу мен реконструкциялау көзделген. Нысандардың қалған бөлігі 2018 жылдың соңына дейін аяқталады. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылған жылдары 1 137,5 км жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілері, 11 қазандық, 11 сорғы станциясы салынып, реконструкцияланды. Ал 2017 жылдың І жартыжылдығында 439 км желі салынып, реконструкцияланды», - деп толықтырды ол.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына қарай жылумен, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуы 63%-дан 60%-ға дейін төмендемек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер